Ақтөбе соты тоғыз лаңкестің қамауда ұстау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қалалық № 2 сотына Ақтөбеде 5 маусымда террористік акт ұйымдастырды деп айыпталған тоғыз күдіктіге қамауда болу мерзімін ұзарту туралы өтініш түскен.

27 шілдеде сот бұл өтінішті қанағаттырды. Таңатаров Арсен Нұрланұлы, Иманғалиев Асхат Бауыржанұлы, Қуанышбаев Бақыт Бектайұлы, Қуанышбаев Жаңабай Нағашыбайұлы, Садықов Әнуар Спандиярұлы, Абдорахманов Азамат Алпамысұлы, Жұбанов Айдос Жамбылұлы, Ақпанбетов Әлібек Даниярұлы, Рахметов Асхат Сәкенұлы іс жүргізіліп біткенше төрт ай бойы қамауда болады. Олар осыған дейін екі ай мерзімге қамалған болатын.
Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды.