16 шілде 2015 | 08:41

Ақтөбеде медуниверситеттің тағы бір студенті қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дулат Төкешов. © Vk.com Дулат Төкешов. © Vk.com

Ақтөбеде Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің тағы бір студенті қайтыс болды, - деп жазады "Диапазон".


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің тағы бір студенті қайтыс болды, - деп жазады "Диапазон".

Бірінші курс студенті Дулат Төкешов емтиханға дайындалып жүрген кезде жүрегі ұстап қалды. Достарының айтуынша, жігіт сабақ үстінде өзін жаман сезінген, дегенмен оны оқытушылар жібермей қойған.

"Дулат тамыз айында тексеруден өту керек болған. Үлгермеді, - деді Дулаттың досы Арман Киреев. - Соңғы кезде ол сабағын уайымдап жүрген".

Медициналық университеттің қызметкерлері студенттің өлімінің оқумен байланысы жоқ екенін айтты. "Ол анатомиядан емтихан тапсырып жатқан кезде өзін нашар сезінді. Студенттер оған сұранып кетуге кеңес берді. Дегенмен ол бас тартты. Ал кешке оның жағдайы нашарлаған, - деді жалпы медицина факультетінің деканы Талғат Әбілов. - Ол ауруханаға жеткізілді, сол жерде Дулат қайтыс болды".

Дулаттың сынып жетекшісі Люба Меңдібаеваның айтуынша, Дулат мектепте әдебиет, орыс тілі пәндерінен жақсы оқыған. "Мектеп кезінде жыл сайын емделіп жүрді, 5-6 сыныптарда операция жасатты", - деді ол. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 20 маусымда осы университеттің студенті асылып қалған күйі табылған болатын. Оқытушылар қайғылы оқиға болған күні студент Азаматтың микробиология емтиханынан өте алмағанын айтты. Екінші курс студенті грантта оқыған. Ол БҚО тумасы, отбасында үш ұлдың үлкені. Анасы - мұғалім, әкесі - жұмыссыз. ІІД суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети