Ақтөбеде мектеп оқушысын көлік қағып кетті, бала ауруханада көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде мектеп оқушысын көлік қағып кетті, бала ауруханада көз жұмды © zarulim.com.ua

ЗиЛ автокөлігінің тізгінінде болған 48 жастағы Амантай Үсенов Ақтөбе қаласында 11 жастағы оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон". Оқиға 2018 жылы 31 қаңтарда 12:55-те болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЗиЛ автокөлігінің тізгінінде болған 48 жастағы Амантай Үсенов Ақтөбе қаласында 11 жастағы оқушыны қағып кетті, - деп хабарлайды "Диапазон". Оқиға 2018 жылы 31 қаңтарда 12:55-те болған. 

Берсиев пен Некрасов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілерге арналған жолда жүргізуші оқушыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасынан кейін оқушы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алайда 11 жастағы бала алған жарақатының тым ауыр болуына байланысты бірнеше сағаттан соң қайтыс болды. 

Сотта жүргізуші өз кінәсін мойындады. Сол күні ол өзінің ЗиЛ көлігімен апатқа ұшыраған автокөлікті Заречный ауылына алып бара жатқанын және жылдамдығы сағатына 30 шақырым болғанын айтты. "Автосервис" аялдамасына жақындаған кезде ол жылдамдықты түсіргенін айтты. Жаяу жүргіншіге арналған жолға үш метр қалғанда жүргізуші жан-жағына қарамастан жүгіріп өтпекші болған баланы көрген. 

Жүргізушінің айтуынша, ол әрекет етіп үлгермеген. Көліктен шыға сала ол балаға көмектесуге асыққан. Бала асфальтте ес-түсін білмей жатқан. Жедел жәрдемді күтпей, ол басқа бір көлікпен баланы ауруханаға жеткізген. Содан кейін ол патрульдік көлікпен оқиға орнына қайтып келген. Сот оны кінәлі деп тауып, оған екі жыл бас бостандығынан шартты түрде айырды. Сонымен қатар оған көлік жүргізуге тыйым салды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети