09 сәуір 2015 09:53

Ақтөбеде мектеп оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Mgorod.kz @Mgorod.kz

Ақтөбелік сегізінші сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбелік сегізінші сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Медбике Динара Мамытбекованың айтуынша, мектептің мұғалімдері мен оқушылары да түгел тексеруден өткізіліпті. Басқа ешкімнен бұл ауру түрі анықталмаған. Мектеп басшылығының айтуынша, қаңтар айында оқушы қыз қызуы көтерілуіне байланысы дәрігерге көрінген. Оған тиісті дәрілерді жазып берген соң қыздың жағдайы жақсарған. Кейін қайта ауыра бастапты. 11 наурыз күні оқушы емханаға көрінген, қызды дәрігерлер рентгенге түсуге жіберіпті. Нәтижесінде оқушыдан туберкулез анықталған.

Ауырып қалған қыз аз қамтылған отбасыдан екен. "Қыз Оторванкедегі "Пенсионер" саяжай үйлерінің бірінде тұрады. Көпбалалы отбасыдан шыққан қыз сіңілісімен және анасымен үшеуі осында тұрады, ал әкесі Арал қаласында қалған төрт баламен өмір сүріп жатыр. Мамандар олардың үйлеріне барды. Тұрмыстары өте нашар. Екінші қызды да "Чайка" облыстық сүйек-туберкулезі шипажайына жібереміз. Арал қаласына қыздың туыстарына да тексеру жөнінде хабарлама жібердік", - деді тубдиспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.

Облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы Сара Дәулетованың айтуынша, жыл басынан бері облыста 5 бала туберкулезбен ауырған. "Қазір кей сәбилерден туберкулез туа бітті анықталып жатыр. Бұрын бірінші сыныптан кейін 12 және 17 жаста ғана қайта егу жасайтын едік. Қазіргі балалардың иммунитеті нашар", - деді Дәулетова.

Еске салайық, осыған дейін Оралда перзентхана қызметкерінен туберкулез анықталғанын хабарлаған едік. Қазіргі уақытта ол тексеріліп, емделіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети