29 сәуір 2015 | 18:29

Ақтөбеде мұнай компаниясының жүкті қызметкері 5-қабаттан секіремін деп қорқытып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Nnm.ru @Nnm.ru

Ақтөбеде "Лайн Джамп" компаниясының жүкті қызметкері Бақытгүл Мурзина жалақы алмағаны үшін бесінші қабаттан секіремін деп қорқытып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол мұнай компаниясының 40 адамның жалақысын бермей жүргенін айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде "Лайн Джамп" компаниясының жүкті қызметкері Бақытгүл Мурзина жалақы алмағаны үшін бесінші қабаттан секіремін деп қорқытып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол мұнай компаниясының 40 адамның жалақысын бермей жүргенін айтты.

Әйел қазір жүктіліктің бесінші айында. Оның айтуынша, соңғы жеті ай бойы ол жалақы алмаған. Оның ұжымдастары Мемлекет басшысынына хат жазды. Сонымен қатар, ақшаларын алу үшін облыс әкіміне кіруді де жоспарлап отыр. Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қуаныш Амантаевтың айтуынша, оқиға бақыланып отыр. Шенеунік компанияның бас директоры Виталий Лидің барлық қызметкерлер алдындағы қарызын толық өтейтіні туралы хаты барын айтты.

Осыған дейін "Лайнс Джамп" ЖШС компаниясының қызметкерлеріне 20 миллион теңгеден астам қарыз екені хабарланған болатын. Басшылық жалақының берілмеуін дағдарыспен байланыстырды. Ақпан айында еңбек инспекциясы мұнайшылардың арыздарына орай және прокуратураның тапсырмасымен компанияға әкімшілік айыппұл салды. Мұнай компаниясы 5 ақпанға дейін қызметкерлер алдындағы қарызын өтеуге уәде берген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети