Ақтөбеде оқушылар мен мұғалім қаза болған жол апаты: зардап шеккен балалардың жағдайы айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ырғыз ауданында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ырғыз ауданында жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құрылыс ауылы маңында орын алған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен балалардың жағдайы тұрақты. Бүгін науқастардың халін білу үшін Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасымен құрылған жұмыс тобы Ырғыз аудандық ауруханасына барды.

"Күні кеше, 19 желтоқсанда оқыс оқиғада жарақат алған мектеп оқушылары осы ауруханаға жеткізілген еді. Облыстағы дәрігерлер консилиум өткізген, емдеу шаралары жүргізілуде. Бүгінде балалардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ. Бәрі де – дәрігерлердің қадағалауында".

Облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев, Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бастаған жұмыс тобы балаларының амандығын тілеп отырған ата-аналармен жолықты. Олардың сұрауымен, ем-дом шаралары Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасында жалғастырылады. Зардап шеккен оқушылардың денсаулығы толықтай тексеріледі. Балалардың жағдайы жұмыс тобының тікелей назарында болады.

Облыстық әкімдік тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетіні айтылды.

Сондай-ақ, жұмыс тобының өкілдері жол апаты салдарынан көз жұмған бір мұғалім мен екі оқушының отбасыларына барып көңіл айтты. Қаза тапқандардың барлығы – Жаныс би ауылынан.

Осы факт бойынша соталды тергеу басталды.

Еске салайық, 19 желтоқсанда таңертең Ырғыз ауданы Құрылыс ауылының маңайында "Самара-Шымкент" автожолында жол-көлік оқиғасы болды. "Toyota Alphard" автокөлігі мен "Volvo" жүк көлігі соқтығысып қалған. Нәтижесінде "Toyota Alphard" жолаушылары - ер адам және 2007 және 2008 жылдары туған екі оқушы оқиға орнында қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro