Ақтөбеде полицей жол-көлік оқиасы салдарынан қызметтік көлігімен аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбеде полицей жол-көлік оқиасы салдарынан қызметтік көлігімен аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көше қиылысында болған оқиғаның видеосы мен суреттері әлеуметтік желіде жарияланды.
"Радары бар полицей көлігі Нокин көшесінің оң жолағымен келе жатқан. Қарсы бағытпен келе жатқан жол ережесін бұзғандарды көріп, полицейлер сол жағынан қатар келе жатқан ВАЗ-2114 көлігін өткізбестен бірден бұрылды", - дейді куәгерлер.
Полицейлер оқиғаның басқаша болғанын айтады.
"ВАЗ көлігі жол жүру ережесін бұзды. Ол жылдамдығын төмендетпестен қарсы бағытқа шығып кетті. Қарсы бетте ол "Лада Гранта" маркалы қызметтік көлікпен соқтығысты, соққыдан қызметтік көлік аударылып қалды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ВАЗ жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасө қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ көлігін басқарған адам жүргізуші куәлігінен айырылды.