Ақтөбеде "Сбербанк" заңгеріне әріптесі аңщы мылтығынан оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбеде "Сбербанк" заңгеріне әріптесі аңщы мылтығынан оқ атқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2018 жылдың 5 қаңтарында сағат 05:00-де Ақтөбенің ЖШККА-сына кеудесінен жарақат алған 48 жастағы ер адам жеткізіліп, екі сағаттан кейін көз жұмды. Патрульді полиция батальонының қызметкерлері 40 жастағы ер адамды ұстады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
8 қаңтарда ер адамды қамауға алу туралы шешім шықты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыс Асқар Т. есімді азаматтың үйінде ішімдік ішу кезінде болған. Сотта айтылғандай, әріптесі оның үйіне келген. Оқ үй иесінің ауласында атылады. Күдікті әріптсінің өлімін қаламағанын, оқиғаның абайсызда болғанын айтады. Ол тек қорқытпақ болған екен. Алайда аула қараңғы болғандықтан, оқ адамға тиген.
Қазір бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.