Ақтөбе вокзалында куәгер тәртіп сақшыларының құмар ойын ойнағанын ұялы телефонының камерасына түсіріп алды. Бейнежазба 26 желтоқсан күні Instagram желісіндегі zello_aktobe парақшасында пайда болды.
Ақтөбе вокзалында куәгер тәртіп сақшыларының құмар ойын ойнағанын ұялы телефонының камерасына түсіріп алды. Бейнежазба 26 желтоқсан күні Instagram желісіндегі zello_aktobe парақшасында пайда болды.
Кадрдан форма киген екі адамның автомат мониторына қарап тұрғанын көруге болады. Ролик авторының айтуынша, ол тәртіп сақшыларын Keno ойын автоматын ойнап жатқан кезде түсіріп алған.
Айта кетейік, ойын автоматтары Қазақстанда 2007 жылы казино мен ойын залдарына тыйым салғаннан кейін кең тарала бастады. Қазір еліміздің сауда орындарының көбінде осындай ойын автоматтары орнатылған.
Кeno ойын автоматы (жасыл түсті). © almaty.tv