11 қараша 2017 20:12

Ақтөбеде ұрланған қалыңдық Атырауда өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© svadbavo.ru © svadbavo.ru

Атыраулық жігіт көрші қаладан төрт ай бұрын қалыңдық алып қашқан, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


Атыраулық жігіт көрші қаладан төрт ай бұрын қалыңдық алып қашқан, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қайтыс болған қыздың туыстары тұрмысқа шығады деген қыздың қайғылы оқиғасы жайлы айтып берді. 

Осыдан төрт ай бұрын Атырау тұрғыны қыз (Ақтөбе қаласының студентін) алып қашқан. Туыстары әне міне деп той болатын уақытты күтіп жүргенде, қайғылы хабар естіген. 

"Біздің қарындасымыз бірнеше күн бұрын қайтыс болды, біз әлі де не болғанын білмейміз. Тек мынадай хат келді: "Ол қайтыс болды, келіп мәйітті алып кетіңіздер". Екі ағамыз дереу Атырауға аттанды", - дейді қайтыс болған қыздың туысы Талғат Әбдраманов. 

Туыстарының айтуынша, қыздың денесін Ақтөбеге таяуда жеткізген, олар қыздың нақты неден қайтыс болғанын білу үшін сот-медициналық сараптама жүргізбекші. Сонымен қатар, қайтыс болған қыздың туыстары Данараны ұрлап әкеткендердің тарапынан хабаршы болып ешкім марқұмның ата-анасының алдынан өтпегенін айтады. 

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы іске қатысты біріңғай реестрге тіркелгенін және қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети