Ақтөбеде вагоннан өрт шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде вагоннан өрт шыққан видео кадры

Ақтөбелік құтқарушылар вагондағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік құтқарушылар вагондағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Шалқар қаласындағы темір жол станциясында 4-ші станциялық жолда болған. Бүгін 112 пультіне жеке тұрған вагондағы 12 шаршы метр алаңда өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

"Құтқарушылардың кәсіби және үйлестірілген әрекеттерінің арқасында өрт тез арада оқшауланып, вагон ішінде одан әрі таралуына жол берілмеді. Оқиға орнына өрт сөндіру жасағы мен ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Министрлік төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети