Ақтөбеде зауыттан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде зауыттан өрт шықты © КТК

Ақтөбе облысында сұйық май шығаратын зауыт өртенді. От газ арқылы пісте кептіретін цехтан шыққан, - деп хабарлайды КТК.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында сұйық май шығаратын зауыт өртенді. От газ арқылы пісте кептіретін цехтан шыққан, - деп хабарлайды КТК.

Телеарна мәліметінше, күнбағыс майын шығаратын бұл зауыт Хромтау ауданына қарасты Жазық бекетінің маңында орналасқан.

От таңғы сегіз жарым шамасында жұмысшылар пістені кептіруге кіріскенде тұтаныпты. Дереу аудан орталығынан өрт сөндіру қызметінің қос техникасын шақыртқан. Олардың шамасы жетпеген соң жекеменшік компанияның да су шашатын көлігі тартылды. Цех аумағаның үлкендігіне байланысты бұдан өзге тағы 6 техника мен 26 өрт сөндіруші оларға көмекке келген.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қазір өрттің шығуына байланысты тексеру жүріп жатыр. Зауыттағы жұмысшылар аман зардап шекпеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети