Ақтөбедегі автогаз құю бекетінде жарылыс болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі автогаз құю бекетінде жарылыс болды

3 наурызда Ақтөбенің Алматы ауданында орналасқан автогаз құю станциясының жерүсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасының жануынан жарылыс болды. Жалын екінші цистернаға, тұрақта тұрған газ тасымалдаушы көлікке және операторлық ғимаратқа таралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД күштері оқиға орнына жеткен соң, өртсөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеп, қайталама жарылыстардың алдын алып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеген. Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

"Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнындағы жұмыстарды Ақтөбе облысы ТЖД бастығы, полковник Қаһарман Оразалин үйлестірді", - делінген хабарламада.

Өрт 200 шаршы метрді шарпыған. Оқиғаның себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатқаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 501.63  course up  587.97  course up  6.51  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети