Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті Видео кадры: t.me/diapazonnews

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі автогаз құю станциясындағы видеожазба тарады. Кадрларда көбік шашылған көлік пен жанармай құю бекетінде жүрген өртсөндірушілер көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ТЖД тұрмыстық газ баллонына (25 литр) газ толтыру кезінде көлік өртенгенін хабарлады.

Өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырту дәрежесінде шыққан. Оқиға орнына құтқарушы-су асты сүңгуірлер отряды және апаттар медицинасы орталығының (АМО) мамандары да келген.

"Өртсөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Өрттің АГҚС резервуарлары мен инфрақұрылымына таралуына жол берілмеді", – делінген ведомство хабарламасында.

Басылым мәліметінше, АГҚС операторы зардап шеккен. Ол термиялық күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети