12 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты Ақтөбедегі №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев пікір білдірді, - деп хабарлайды "Диапазон".
12 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты Ақтөбедегі №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев пікір білдірді, - деп хабарлайды "Диапазон".
Директордың айтуынша, 2010 жылы туған бала 6-сыныпта оқитын. Отбасында үш бала.
"Маған ақпарат шамамен сағат 23.00-де түсті. Мен бірден 3-шағынауданға келдім. Мені кіргізбеді. Ата-аналар арқылы, чат арқылы балаларымызды іздей бастадық. Бір бала үйінде жоқ екен", - деді Абзал Тәжімішев.
Ол бұрын балаға иттер шабуыл жасағанда барлық инстанцияға арыз жазылғанын атап өтті.
"Заң бар, атуға тыйым салынған екен, оларды баспанаға жіберу керек. Жергілікті атқарушы органдардың қолы байлаулы. Депутаттар осындай заң қабылдады, бірақ қамтамасыз ету және орындау... Біз Еуропада емеспіз, қарапайым адамдарға жағдай жасай алмаймыз, иттерге қалай жағдай жасаймыз?", - деп қосты мектеп директоры.
Ақтөбеде 12 жасар бала өлі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы иттер талап тастаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!