14 желтоқсан 2023 15:21

Ақтөбедегі мектепте оқушы қайтыс болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға №27 білім беру мекемесінде болған. Жетінші сынып оқушысы партаның бұрышына соғылып, құлап алған.

"Сұмдық жағдай. Қызым бұл үшінші қабатта болғанын айтты. Ол сыныпқа жүгіріп кіріп, табалдырыққа шалынып, үстелдің не партаның бұрышына тамағымен соғылған", - деді мектеп оқушыларының бірінің анасы.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.

"13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Тексеру кезінде пульсация болмады, қан қысымы анықталмады, ес-түссіз болды. Иек аймағында жарақат болды. Дереу реанимация жасалды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети