Ақтөбедегі теміржол апатының видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теміржол апатының видеосы пайда болды © ҚР ІІМ ТЖК

Ақтөбе облысындағы Құдық-Жем өткелінде 30 шілдеде жүк пойызының вагондары өртенді. Интернетте куәгерлер түсірген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Мой город"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысындағы Құдық-Жем өткелінде 30 шілдеде жүк пойызының вагондары өртенді. Интернетте куәгерлер түсірген видео пайда болды, - деп хабарлайды "Мой город"

Басылымның мәліметінше, жолдан шығып кеткен 20 вагонның тоғызында мұнай өнімдері болған. Бұл ақпаратты Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі растады.

Өрттің аумағы 350 шаршы метр болды. Өртті ауыздықтау үшін 585 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Күндізгі сағат 14.22-де басталған өрт жергілікті уақыт бойынша 18.10-да өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы тоқтатылды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети