Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің қос бүйрегін туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
КТК кадры КТК кадры

Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ішкі ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алған. Қос бүйрегін сол бойда екі науқасқа салып беріпті. Ал марқұмның жақындары мұны мәйітханадан сүйекті алар кезде бір-ақ білген. Енді олар сүйекті сұраусыз қолданды деп дәрігерлерді сотқа беріп жатыр. Облыстың Денсаулық сақтау басқармасының да өз уәжі бар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ішкі ағзасын туыстарының рұқсатынсыз алған. Қос бүйрегін сол бойда екі науқасқа салып беріпті. Ал марқұмның жақындары мұны мәйітханадан сүйекті алар кезде бір-ақ білген. Енді олар сүйекті сұраусыз қолданды деп дәрігерлерді сотқа беріп жатыр. Облыстың Денсаулық сақтау басқармасының да өз уәжі бар. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды. 

Төбелестен басынан соққы алған 22 жастағы Серікболсын Көшербай осыдан екі апта бұрын есін жимастан ауруханада көз жұмған. Ол облыс орталығына Байғанин ауданынан жеткізілген екен. Дегенмен, еш қайран болмапты. Кейін қыршынның қазасына қайғырған жақындарына мәйітхана қызметкерлері жеткізген хабар төбелерінен жай түсіргендей болды.

Өйткені марқұмның туыстарының рұқсатынсыз дәрігерлер миы өліп, ессіз жатқан жігіттің ішкі ағзасын сойып алған. Мұны естіген Серікболсынның анасы қазір төсек тартып қалыпты. Ал туыстары оны сойып тастайындай сұрауы жоқ па еді деп дәрігерлерге ашынып отыр. Ақтөбелік ақ халаттылар болса, жігіттің қос бүйрегін басқа науқастарға салып үлгерген. 

"Тумалары бар ғой қасында. Ең болмаса біреуіне айтып, сұрау керек еді. Ондай ештеңе айтпаған. Сырттан естіп отыр ғой бұлар", - деді марқұмның нағашы апасы Гүлайым Есенбаева.

Дәрігерлер Серікболсын ес-түссіз ауруханада жатқан кезінде миының өлгенін туыстарына айтқан екен. Бірақ оны апараттан ажыратарда ағзасын біреуге беретіндері туралы ауыз ашпапты. Сондықтан адвокаттар да мұны өрескел заң бұзушылық деп отыр.

"Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау туралы" заңның 169 бабында көрсетілген: "Мәйіттің ішкі органдарын алу үшін оның жақындарының, заңды өкілдерінің рұқсаты қажет". Бұл жерде енді денсаулық сақтау мамандары меніңше дұрыс жасамаған деп ойлаймын", - деп пікір білдірді бұл жағдайға адвокат Қатарбай Раисов.

Ал денсаулық сақтау басқармасындағылар басқа дәйек келтірді. Айтуларынша, мәйіттен ағзаны алуға ешкімнің рұқсаты қажет емес. Өйткені, биылдан бастап күшіне енген жаңа заңда солай жазылыпты.

"Көз жұмған марқұм  тірі кезінде мен донор болмаймын деп қағаз қалдырмаса  да, біз заңды түрде кез келген адамнан кесіп аламыз.  Егер мүшесі сау болса әрине.  Сұраусыз алып мұқтаж адамдарға беріп  операция жасаймыз", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

Қазір осы оқиғаға байланысты қаралы отбасы прокуратура мен ішкі істер департаментіне арыз жазған. Сондай-ақ туыстарынан рұқсат алғаны туралы хабар таратқан жергілікті газетті де сотқа беріпті.

Еске салсайы, трансплантологияны дамытуға қатысты заң жобасын әзірлеуге белгілі дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев жетекшілік еткен болатын. Енді осы даудан соң оның өзі Ақтөбеге арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізбекші (Дереккөз: КТК). 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro