05 қазан 2018 | 09:14

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген алматылықтың тағы бір видеоүндеуі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы жігіт видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы жігіт видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлердің мәліметінше, ол жол жүру ережесінің бес пункті бойынша ереже бұзған. Осыған байланысты жүргізуші алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Таяуда ол кінәсін мойындап, қазақстандықтардың алдында кешірім сұраған болатын.

"Құрметті азаматтар, әл-Фараби даңғылы бойымен қарсы бағытта жүргенім үшін өкінемін және енді қайталамаймын деп уәде беремін, кешірім сұраймын. Менің қатемді ешкімнің қайталамауын сұраймын", - деген еді жүргізуші.

Ал кейінірек жүргізушінің тағы бір видеоүндеу жасағаны белгілі болды.

"Мені бір қорқақ, әрекетіне өкініп отыр деп айтып жатқан жігіттерге айтарым. Видеоға мұқият назар аударыңыздар. Мен онда күлкімді әрең ұстап отырмын. Видеоны төрт рет түсірген шығармыз, алғашқы үшеуінде мен әбден күлдім", - дейді ол.

"ІІМ, ІІД өкілдері, ол сіздерді пысқырып та отырған жоқ. Қашан біздің елде қылмыс үшін дұрыс жаза қабылданады әлде осындай ақымақтықты түсірген, қылмыскердің өкінгені айтылған әрі жалған видеолармен ғана шектеліп қаламыз ба?", - деп жазған Facebook қолданушысы Шолпан Әли.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы полициясының әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздеп тапқаны хабарланған болатын.

"1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін - 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама - 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама - маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау - ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама - маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті", - деген еді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети