Алакөлде 8 жастағы баланы гидроцикл қағып кетті. Министрлік пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөлде 8 жастағы баланы гидроцикл қағып кетті. Министрлік пікір білдірді Фото: tver.mk.ru

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов Алакөлдегі гидроцикл қағып кеткен 8 жастағы баланың оқиғасы бақылауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов Алакөлдегі гидроцикл қағып кеткен 8 жастағы баланың оқиғасы бақылауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Балаңыздың мұндай жағдайға ұшырағаны өте өкінішті. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауына алынды. Қазіргі таңда Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлер бригадасы жұмылды. Қабылданған шараларды қосымша хабарлаймыз. Әлібектің тез жазылып кетуін тілейміз", - деп пікір қалдырды Қоджахметов Facebook желісінде зардап шеккен баланың анасы Ботагөз Зейнишеваның жазбасына.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысы Ақши ауылы Алакөл көлінде 8 жастағы баланы гидроцикл соғып кеткен еді. Ол түрлі бас жарақатын алып, Үшаралдағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети