Алакөлде гидроцикл үрмелі матрастағы демалушыларды соқты: бір адам қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алакөлде гидроцикл үрмелі матрастағы демалушыларды соқты: бір адам қаза болды Фото: pexels.com

ШҚО-дағы Алакөл көлінде турист қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-дағы Алакөл көлінде турист қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 тамызда кешке Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны гидроциклмен үрмелі матрасты басып кеткен. Нәтижесінде Семейдің 40 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза болды, ал оның 11 жастағы қызы жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Үржар аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК-ның 344-бабы 2-бөлігі ("Адам өліміне себепші болған жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін немесе теңіз немесе өзен көлігін пайдалану ережелерін бұзу") бойынша соталды тергеуді бастады. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама ағайындалған. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді ШҚО Полиция департаментіндегілер.

Сонымен қатар, гидроцикл иесі - Үржар облысының 31 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ҚК-ның 306-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталғаны белгілі болды. 

ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, ҚІЖК-нің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес соталды тергеудің басқа да мән-жайы жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети