Александр Кузнецовқа іздеу жарияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Кузнецовқа іздеу жарияланады

"Чукотка" барында болған төбелестен кейін сотталған Александр Кузнецовқа іздеу жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Чукотка" барында болған төбелестен кейін сотталған Александр Кузнецовқа іздеу жарияланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасының өкілдері мәлімдеді.

2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шыққан болатын - оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді. Айыппұл сомасы - 1 097 281 теңге.

Бірақ 14 тамызда Алматы облыстық соты бұл шешімді алып тастады. Сондықтан Кузнецов қайтадан колонияға жеткізілуі тиіс болатын.

Судья БАҚ-та жарияланған хабарламалардан Кузнецовтың елден кетіп қалғаны жайлы білгенін айтады.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен. Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети