Алғабаста тағы 6 үй қисайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алғабаста тағы 6 үй қисайды Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласы Алатау ауданы Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас-6) көпқабатты тұрғын үйлердің қисайғанына қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Алатау ауданы Зерделі шағын ауданындағы (бұрынғы Алғабас-6) көпқабатты тұрғын үйлердің қисайғанына қатысты мәлімет шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әкімдік шағын аудандағы №1/179 тұрғын үй қисайған соң, ондағы барлық тоғыз қабатты үйді тексеруге шешім қабылдаған. Ол үшін Алматы қаласының қолайлы қалалық орта басқармасы "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-мен келісім шартқа отырған. Жұмыс осы жылдың соңында аяқталуы керек.

"Бүгінде 6 үйге қатысты (1/180, 1/160, 1/161, 1/165, 1/167, 1/168) сараптама қорытындысы шықты. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ қорытындысына сәйкес, осы үйлердің іргетасын нығайту керек. Тұрғын үйлердің іргетасын нығайту жұмысы тұрғындарды көшірмей жүзеге асырылады. №1/160, 1/161 үйлерде іргетасын нығайту жұмысы жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Құқық қорғау органдары үйдің неге қиғайсағанын әрі бұл іске жауаптыларды анықтап жатыр.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсанында Алматыдағы № 179 тұрғын 31 сантиметрге қисайған. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ бұл ақпаратты растаған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети