28 қазан 2014 17:08

Алқановқа қастандық жасау ісі бойынша тағы екі қыз іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Алқанов және компания" жауапкершілігі шектеулі қоғамының президенті әрі "ЕурАзЭҚ-Қырғызстан Іскерлік кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы Райқан Алқановқа 18 пышақ жарақатын келтіру дерегі бойынша 1989 және 1992 жылы туған тағы екі қыз іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алқанов - "Қазатомөнеркәсіп" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қайын атасы, Жәкішев оның қызы Жәмилаға үйленген.

Қыздарға бизнесменнің 200 мың сом ақшасын (4000 доллар) алу мақсатымен оған қарақшылық шабуыл жасады деген күдік келіп отыр. Тергеу әрекеттері барысында Талас облысындағы ауылдардың бірінен күдіктілерге тиесілі айғақ заттар табылды. Бұл заттар Мұхтар Жәкішевтің қайын атасынан алынған ақшаға сатып алынуы мүмкін. Қыздарға іздеу жарияланды. 

Талас қалалық ішкі істер бөлімінің тергеушілері "Кісі өлтіруге қастандық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Еске сала кетейік, Алқанов 25 қазан күні Таласқа жеке шаруаларымен келген болатын. Кешкісін жүргізуші оны үйіне жеткізіп тастайды, ал таңертең оның пышаққа жығылғанын көреді. Ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабар Талас ішкі істер бөліміне 26 қазан күні сағат 10.00-де келіп түсті. Мұхтар Жәкішевтің қайын атасы облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған 18 рет пышақ салынғанын анықтады. Бизнесменнің жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағаланып отыр. Әзірше оны Бішкекке жеткізу мүмкін болмай тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алқановқа жасалған қастандық әрекеті бойынша 16 жастағы қыздың ұсталғаны хабарланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол "бұл қылмысқа Алқанов өзін зорламақ болғаннан кейін барғанын" айтқан. Жасөспірім ер адамға шабуыл жасағанын мойындайды. Айта кетейік, Алқановтың күйеу баласы - "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2010 жылы мүлікті иеленіп алғаны және пара алғаны үшін 14 жылға сотталған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети