Алматы әкімі дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғасын жеке бақылауына алды

Коллаж © Tengrinews.kz

Алматы әкімі дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғасын жеке бақылауына алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандықтың жасалуына жол беруге болмайды. Әкім ІІД-ге қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қосымша күшейту жөнінде тапсырма берді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігерінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Дәрігерлер 26 қарашада, шамамен сағат 03.00-де соққыға жығылған. Зардап шеккендердің біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл дерек "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Кейін Алматы полицейлері дәрігерлерді соққыға жыққан ер адамның ұсталғанын хабарлады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама