26 қараша 2015 13:02

Алматыда екі дәрігер соққыға жығылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж © Tengrinews.kz Коллаж © Tengrinews.kz

Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігері соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.


Алматыда жедел жәрдемнің екі дәрігері соққыға жығылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер 26 қарашада, шамамен сағат 03.00-де соққыға жығылған. Зардап шеккендердің біреуі аса ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, дәрігерлерге шабуыл жасау оқиғалары соңғы кездері жиілеп кеткен.

Осыған ұқсас оқиға Ақтөбеде болды, науқас әйелдің жолдасы жедел жәрдем станциясының фельдшеріне шабуыл жасады. Облыс орталығынан 15-20 шақырым қашықтықта орналасқан Құрайлы ауылының тұрғыны жедел жәрдем бригадасын балағат сөздермен және ашумен қарсы алды. Кейін дәрігерлердің 2 сағатқа кешіккендері анықталды, бірақ бригаданың бұған кінәсі болмаған: хабар келіп түскеннен кейін олардың командасы науқасқа жеткенше 22 минут жұмсаған. Қазір бұл оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети