Алматы - Атырау пойызы апатына қатысты іс сотқа берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Атырау пойызы апатына қатысты іс сотқа берілді Оқиға орны. ©ortcom.kz

Алматы - Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұл оқиға осы жылдың 19 сәуірінде болған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы - Атырау бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұл оқиға осы жылдың 19 сәуірінде болған еді.

"Бас көлік прокуратурасы 2014 жылдың 19 сәуірінде Атырау облысының Қызылқоға ауданында Алматы - Атырау бағытындағы жолаушылар пойызының апатқа ұшырау дерегі жөнінде Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-бөлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жолдады, апат кезінде жолаушылардың денсаулығына орта және жеңіл нұқсан келген болатын", - делінген таратылған хабарламада.

Тергеу барысында вагондардың бәрінің жарамды жағдайда болғаны анықталды. "Бұл пойыздың апатқа ұшырауынан соң Ақтөбе, Атырау учаскесі ревизорлары мен "Вагон-Сервис" АҚ, "РемПВ-2" өкілдері вагон тетіктері мен тораптарын тексеріп шықты. Машинист пен оның көмекшісінің шұғыл тежеуді іске қосуы заңды әрі ведомстволық нұсқау нормаларына сай", - дейді Бас көлік прокуратурасы өкілдері.

Вагондардың рельстен шығуына бұл учаскеде жөндеу жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне байланысты теміржолдың майысуы себеп. "Іс бойынша айыпталушылар - "Іріленген Атырау жол арақашықтығы" мекемесінің учаске бастығы мен жол арақашықтығы бастығының орынбасары", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматы - Атырау бағытындағы №42 жолаушылар пойызының вагондары 19 сәуірде Атырау облысындағы Сағыз - Мақат теміржол учаскесінде рельстен шығып кетті. Төтенше оқиға кезінде пойызда 580 жолаушы болған. Зардап шеккендердің жалпы саны - 27 адам.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети