Алматы әуежайы өз жұмысын қалпына келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайы өз жұмысын қалпына келтірді ©Салтанат Жүсіпова

Алматы әуежайына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат расталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайына жарылғыш заттың қойылғаны туралы ақпарат расталмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары қазіргі уақытта әуежайды жабу туралы өкімнің алып тасталғанын айтты. Әуежайдың барлық қызметі әдепкі режимде жұмыс істеп тұр.

Мұның алдында  жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарға байланысты Алматы әуежайынан адамдардың шұғыл көшірілгені хабарланған болатын. Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету қызметі, сонымен бірге, полицейлер мен жедел жәрдем дәрігерлері де келді. 

Бұған дейін мұндай оқиға 5 желтоқсан күні болды. Белгісіз біреу ғимаратта жарылғыш зат барын хабарлаған. 13 рейс кешіктіріліп, 1100 адам эвакуацияланды. Кейін бұл ақпараттың жалған екені анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети