Алматы әуежайында тұманға байланысты 14 рейс кешіктірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайында тұманға байланысты 14 рейс кешіктірілді ©Нұрғиса Елеубеков

Қолайсыз ауа райына байланысты Алматы әуежайында 14 рейс кешіктірілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Эйр Астана" компаниясының баспасөз қызметіне және Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметіне сілтеме жасап. "Тұманға байланысты Алматы әуежайында "Эйр Астана" әуе компаниясының бірқатар рейсі кешіктірілуі немесе кейінге қалдырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта жолаушыларға қолайсыздықты азайту және ұшуларды орындауды жалғастыру үшін барлық шара қолға алынып жатыр", - делінген әуе компаниясының сайтында. Сол себепті кері бағыттағы рейстер де кідіруге мәжбүр. Сонымен бірге, Астанадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы көріну мүмкіндігінің нашар болуына байланысты Алматыға қона алмай, Қарағандыдағы қосалқы аэродромға аялдауға мәжбүр болды. Тұман SCAT әуе компаниясының Семей және Қарағанды бағыттарындағы рейстерінің кідіруіне де әсер етті. Сондай-ақ, Czech Airlines ұшағы Прагаға, British Airlines ұшағы Лондонға, Turkish Airlines ұшағы Ыстамбұлға, Etihad әуе көлігі Абу-Дабиге уақытында ұша алмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети