Алматы маңында 20 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында 20 жастағы жігіт жол апатынан қайтыс болды

Алматы облысында 20 жастағы жігіт жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 20 жастағы жігіт жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға 16 ақпанда таңертең Алматы облысы Қарасай ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota автокөлігі Карьерная көшесінде келе жатқан, кейін белгісіз себептермен жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде қарсы бағытқа шығып, сайға құлаған.

Оқиға болған жерге ТЖ қызметкерлері шақыртылды, олар гидравликалық құралдардың көмегімен жүргізушіні алып шықты. Алайда 1999 жылғы жігіт жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы 16 ақпанда күндіз Рысқұлов даңғылына жетпей, Сайын көшесі бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып көлікті тізгінінен шығарып алған, кейін металл қоршауды бұзып, одан әрі қарсы беттегі Audi көлгін соққан. 

Апат салдарынан BMW жүргізушісі көлік ішінде қысылып қалған, оны да құтқару үшін гидравликалық құралдар қажет болды. Құтқарушылар есікті кесіп, жәбірленушіні шығарып, дәрігерлердің қолына тапсырған. Жүргізуші түрлі жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети