Алматы маңында бірнеше қар көшкіні болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында бірнеше қар көшкіні болды Фото ©Ярослав Радловский

Алматы маңында бірнеше рет қар көшті деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. "Шымбұлақ" қарлы-көшкінді стансысының мәліметінше, тау баурайында қардың шамадан тыс болуы 1 ақпан күні Кіші Алматы өзені бассейнінің жоғарғы жағында жалпы көлемі 2 мың текше метр болатын екі қар көшкінінің жүруіне себеп болды. Көшкіндер өзенге дейін жетті. Шығын жоқ", - делінген министрліктің хабарламасында. Сондай-ақ, "Ақбұлақ" шипажайлы-сауықтыру кешені гидротұрағының мәліметінше, 2 ақпан күні тау баурайында қар салмағының шамадан тыс болуынан Солдатсай шатқалында жалпы көлемі 12 мың текше метрге жуықтайтын тағы бірнеше көшкін жүрген. Зардап шеккен адамдар мен нұқсан келген нысандар жоқ. Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 30 жастағы ер адам көшкіннің астында қалып, қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға Талғар ауданында тіркелді. 31 қаңтар күні "Ақбұлақ" кешенінде көшкіннің алдын алу жұмыстары кезінде оқыстан қар сырғып, ер адамды басып қалған. Оның денесін қар астынан сауықтыру кешенінің құтқарушылары алып шықты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети