Алматы маңында екі BMW жол апатына ұшырады: Сотқа дейінгі тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңында екі BMW жол апатына ұшырады: Сотқа дейінгі тергеу басталды

Полицейлер Алматы облысында екі BMW көлігінің жол апатына ұшырау дерегі бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматы облысында екі BMW көлігінің жол апатына ұшырау дерегі бойынша тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 8 шілдеде Құлжа тасжолында Панфилов пен Еңбекші ауылдарының ортасында болған. Алматы облысына бара жатқан седан жүргізушісі BMW Coupe  көлігімен жарысып, көлікті соғып өткен. Салдарынан екі көліктің жүргізушісі тізгінді басқара алмай, қарсы жолаққа қарай ұшып кетіп, жолдың жиегіне барып соғылған.

Өкінішке қарай, екі жаяу жүргінші көліктің астына түсіп кетіп, оқиға орнында қаза тапқан. Сондай-ақ, седан жүргізушісі бірнеше ағашқа соғылып, тұтанып кеткен. Осылайша, неміс иномаркасы толықтай өртеніп кеткен. Ал екінші көлік BMW Coupe бағанға барып соғылған.

Екі жүргізуші де аман қалды. Жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жол апаты дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы")сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети