Алматы маңындағы тауда екі альпинист қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы тауда екі альпинист қаза тапты Қаза болған альпинистердің бірі - Геннадий Дуров. ©Николай Колесников

Алматы маңындағы тауда екі альпинист қаза болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ТЖД "Республикалық шұғыл-құтқару жасағының" мамандары хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы маңындағы тауда екі альпинист қаза болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы ТЖД "Республикалық шұғыл-құтқару жасағының" мамандары хабарлады.

Қайғылы оқиға 16 наурызда Кіші Алматы шатқалындағы Октябренок шыңына шығу кезінде болған. ТДЖ-нің мәліметінше, екі альпинист қаза болды. Олардың бірі - 32 жастағы Геннадий Дуров. Ол альпинизмнен Қазақстанның үш дүркін, Алматының бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ құзға шығу бойынша спорт шеберлігіне кандидат болған. Қаза болған екінші адамға қатысты әзірше мәлімет жоқ.

ТЖД-нің мәліметінше, қаза болғандар туралы хабар 17 наурызда сағат 00.00-де олардың әріптестерінен келіп түскен. "Іздестіру-құтқару жұмыстарына 20 адам мен үш техника жұмылдырылды. Сағат 03.51-де құтқарушы топ қаза болғандарға жетіп, олардың денелерін төменге түсірді. Сағат 05.45-те мәйіттер "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына түсіріліп, полицияға берілді", - деп хабарлады Алматы ТЖД "Республикалық шұғыл-құтқару жасағының" мамандары.

Қаза тапқан Геннадий Дуровтың жұбайы Любовьтің сөзіне қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, альпинистер қызылсу мұзынан тайып, қаза тапқан. Геннадий Дуров 18 наурызда жерленеді. Оны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Жетісу ауданы, Қадырбекұлы мен Баянауыл көшелерінің қиылысындағы №80 үйде сағат 12.00-де өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети