Алматы метросында ер адам рельске құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросында ер адам рельске құлап кетті Видео кадрлары

Алматыда ер адамның метро рельсіне құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда ер адамның метро рельсіне құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі метрополитен баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға "Байқоңыр" станциясында 27 қарашада сағат 7:00-де болған. Бақылау камерасына түсірілген кадрларда ер адамның есінен танып, метро рельстеріне құлағанын көруге болады. Осы кезде станцияға пойыз жақындайды. Жақын маңдағы адамдар машинистке белсенді белгі бере бастаған, абырой болғанда, ол составты тоқтатып үлгереді. Содан кейін жігітке шығуға көмектесу үшін адамдар рельске түскен.

"Электрмен жабдықтау диспетчері рельстен кернеуді жедел алып тастады. Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, жедел жәрдем көлігі ЖМК-ға жіберілді. Жолаушының метроға наразылығы жоқ", - деп хабарлады Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі өкілдері.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети