Алматы метросының барлық станциясынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы метросының барлық станциясынан жолаушылар эвакуацияланып жатыр © tengrinews.kz

Алматыда полицейлер метрополитен жолаушыларын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қозғалыс тоқтатылған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда полицейлер метрополитен жолаушыларын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қозғалыс тоқтатылған.

"Райымбек - Фурманов қиылысындағы метрода 5-7 минут бұрын эвакуация басталды, барлық адамдарды метродан алып шықты. Метроға кіреберісте полицейлер жолақ іліп қойған. Оқиға орнында полиция, жедел жәрдем және метро қызметкерлері жүр", - деп хабарлады куәгерлер. 

"Жолаушыларды түсіріп тастады. Екі құрамда тоқтап тұр. Байқоңыр станциясында адамдарды эвакуациялап жатыр", - дейді біреулер.

Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіндегілер метро ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғаны туралы аноним қоңырау түскенін мәлімдеді. 

"Аноним қоңырау шамамен сағат 19:00-де ішкі істер бөліміне түскен және онда метрода жарылғыш заттың орнатылғаны хабарланған. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, барлық станциядан адамдар эвакуацияланды", - деді "Метрополитен" баспасөз қызметінің өкілі Ажар Хабиева. 

"Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарды алаңдамауға және сабырлық сақтауға шақырамыз. Толығырақ ақпарат кейінірек жағдайға байланысты таратылатын болады", - деді Алматы ІІД өкілі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети