Алматы облысында 12 турист отырған көлік аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 12 турист отырған көлік аударылды © Алматы облысының ТЖД жедел-құтқару тобы

Алматы облысында туристер отырған көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық жедел-құтқару тобына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында туристер отырған көлік аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық жедел-құтқару тобына сілтеме жасап. 

Оқиға Текелі маңындағы Черкасай шатқалында болған. 12 адам отырған ГАЗ-66 маркалы көлігі аударылып қалған, олардың ішінде төрт адам ауыр жағдайда жатыр. ТЖ туралы ақпарат 2018 жылдың 3 маусымында сағат 15:30-да келіп түскен. 

"15:40-та жедел-құтқару тобының жеті қызметкері КамАЗ-Нефаз көлігімен оқиға орнына жедел аттанды. Оқиға орнына келгеннен кейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді, ары қарай оларға дәрігерлер білікті медициналық көмек көрсету үшін Текелі қалалық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада. 


Сурет Алматы облысытық ТЖД

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети