Алматы облысында алапат өрт болды: Тұрғын үйлер өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында алапат өрт болды: Тұрғын үйлер өртенді © "Территория происшествий"

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында тұрғын үйлер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Тұздыбастау ауылында тұрғын үйлер өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің сөзінше, алты үйді өрт шалған. Осыған байланысты Талғар тасжолының екі бағыты да жабылды. 

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растады. Комитет өкілдерінің мәліметі бойынша, 27 шілдеде сағат 22:10 шамасында Тұздыбастау ауылы Жібек жолы көшесінде орналасқан жекеменшік үйлерден өрт шығып, қасындағы жиһаз цехі етіп жасалған үйге де от тиген. Өртті сөндіруге Алматы облысының Өрт сөндіру қызметінің 14 өрт сөндірушісі мен 3 техника жұмылдырылды және Алматы қаласы Өрт сөндіру қызметінің сегіз өрт сөндірушісі мен екі техникасы көмекке келді. Өрт аумағы шамамен 380 шаршы метр. 

"Шамамен сағат 00:24-те өрт сөндірушілер өртті ауыздықтай алды", - деп хабарлады Иманқұлов. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети