Алматы облысында алты адамның өмірін жалмаған жол апаты тергеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында алты адамның өмірін жалмаған жол апаты тергеліп жатыр © Тұрар Қазанғапогв

Қапшағай-Бақанас тас жолында BMW мен Geely автокөліктері соғысып, салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қапшағай-Бақанас тас жолында BMW мен Geely автокөліктері соғысып, салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, соғысқан екі автомобильді ол 2017 жлы 29 қыркүйекте шамамен сағт 20:00-де көрген. "Бір көлік жолдың бойында тұр, ал біреуі тас жолдан шығып кеткен. Екеуі де жеңіл көліктер", - деді куәгер. 

Алматы облыстық ІІД өкілдері жол апаты дергені растады. "ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша іс қозғалды. Жол апатына қатысты тергеу шараларымен облыстық анықтау басармасыныңқызметкерлері айналысып жатыр", - деді полициядағылар. 

ІІД өкілдерінің айтуынша, сараптама тағайындалған, жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети