Алматы облысында бір отбасы қазылған орға түсіп кетіп, опат болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бір отбасы қазылған орға түсіп кетіп, опат болды

Алматы облысында екі ересек адам және бір он жасар қыз жеке үйдің территориясында қазылған әжетхана орына түсіп кетіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі ересек адам және бір он жасар қыз жеке үйдің территориясында қазылған әжетхана орына түсіп кетіп, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов қайғылы оқиғаны растады. Айтуынша, оқиға 6 маусымда сағат 20.45-те Қырғауылды ауылында болған. Бастапқыда он жасар қыз ойнап жүріп, байқаусызда құлап кеткен. Ол орға түсіп кеткен ұялы телефонды алғысы келген делінеді. Артынша оған 1993 жылғы әпкесі көмектеспек болып, ол да құлап кеткен.

Оларды туыстары мен ТЖ қызметкерлері құтқаруға тырысқан. Олар құтқару үшін зілбалғаны қолданған. Алайда қыздың әкесі оны құтқармақ болған кезде уланып, қайтыс болған. Сонымен қатар, ТЖ қызметкері зардап шеккен, оған медициналық көмек көрсетілген. 

Иманқұловтың айтуынша, ор терең болмаған, отбасы мүшелері көмірқышқыл газына уланып, тұншығып қалған. Мәйіттерді көршілері шығарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети