Алматы облысында болған жол апатынан бес әйел қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында болған жол апатынан бес әйел қаза тапты © newstes.ru

Алматы облысында болған жол апаты бес адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында болған жол апаты бес адамның өмірін қиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жол апаты 9 қыркүйек күні сағат 07.30-да Алматы - Бішкек тас жолының 122-шақырымында болған. Шығыс бағытта жүріп бара жатқан Lada Priora жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасынан бес жолаушы қаза тапты, бесеуі де әйел. Екі көліктің жүргізушісі де дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына Lada автокөлігінің жүргізушісі кінәлі, ол жолдың қарсы бағытына шыққан. Lada жүргізушісі Тараздың тұрғыны, 1994 жылы туылған, ал Mercedes жүргізушісі 1961 жылғы азамат, Шымкенттің тұрғыны. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети