Алматы облысында екі бала бетон астында жаншылып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі бала бетон астында жаншылып қалды © svopi.ru

Алматы облысында полицейлер екі баланы бетон тақтасының басып қалуы дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер екі баланы бетон тақтасының басып қалуы дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 маусымда Еңбекшіқазақ ауданында Балтамай ауылының маңында болған. Балалар ескі су тартқыштың маңында ойнап жүргенде бетон астында қысылып қалған. Қаза тапқан балалар 6 және 8 жаста болған.

"Дерек қайғылы оқиға ретінде тіркелді, бірақ Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкерлері міндетті анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Тексеріс барысында полицейлер жасөспірімдердің қандай жағдайда қаза тапқанын анықтап, қажет болған жағдайда сәйкес шаралар жүргізеді", - деп атап өтті облыстық полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети