Алматы облысында екі қыз ұшты-күйлі жоғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі қыз ұшты-күйлі жоғалды Анастасия Букова мен Аружан. © ktk.kz, patrul.kz

Алматы облысында екі қыз жоғалып кетті - 23 жастағы Анастасия Букова мен 16 жастағы Аружан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі қыз жоғалып кетті - 23 жастағы Анастасия Букова мен 16 жастағы Аружан.

Аружанның жоғалып кеткені жайлы "Дорожный патруль" хабарлап отыр. Аружан есімді қыз (2002 жылы 18 қаңтар) Қарасай ауданы Шамалған бекетінде жоғалып кеткен. Аружан үйден 28 қаңтарда шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

"Жоғалып кеткен қыздың белгілері: бойы - 170-175 сантиметр, қара шашты, орта денелі. Үстінде жасыл күртке, қара түсті аяқкиім. Қара түсті рюкзакпен болды. Аружан жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз: 8 (702) 340 14 15, 8 (778) 008 80 77, 8 (702) 595 88 59 немесе 102", - делінген бағыттамада.

Ал екінші қыз 23 жастағы Анастасияның жоғалып кеткені жайлы КТК телеарнасы хабарлап отыр.

Телеарнаның мәліметінше, Анастасияның екі кішкентай баласы бар.  Ол 20 қаңтарда ауруханаға дәрігерге қаралуға кетіп, сол күйі оралмаған. Екі күннен кейін келіншек күйеуіне хабарласқан. Оған жұмыс тапқанын және жақын арада үйге қайтатынын хабарлаған. Бірақ нақты қай жақта екенін айтпаған. Туыстары Анастасияны біреулердің күштеп ұстап отырғанына сенімді.

"Хабарласып, барлығы жақсы, мейрамханада жұмыс істеп жүрмін. Бастапқыда қалада жұмыс істеп жүргенін айтты. Сосын Қапшағайдамын деді де асығып телефонды қоя салды", - дейді Анастасияның күйеуі Сергей Буков.

Күйеуінің айтуынша, Анастасия балаларын ешқашан осылай ұзақ уақытқа тастап кетпеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети