Алматы облысында екі жүк көлігі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында екі жүк көлігі аударылды © instagram.com

Алматы облысында, тасжолда екі жүк көлігі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында, тасжолда екі жүк көлігі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін таңертең "Алматы-Қорғас" жаңа тасжолының 20-шақырымында болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, екі жүк көлігі аударылған және көк тайғақтың салдарынан оларға бір жеңіл автокөлік барып соғылған. Оқиға болған жерде облыстық полиция және Талғар АІІБ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, апаттан екі адам зардап шеккен, тексеріп, алған жарақаттарының деңгейін анықтау мақсатында олар жақын орналасқан ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері көктайғақ байқалатын аймақтарды бақылауға алды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети