Алматы облысында ірі жол апатынан бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында ірі жол апатынан бір адам қаза тапты ©"Территория происшествий"

Алматы облысында төрт автокөлік соғысып, бір адам қаза тапты және төрт адам жарақат алды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 16 қаңтарда таңғы уақытта Қаскелең тас жолының 19-шақырымында болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында төрт автокөлік соғысып, бір адам қаза тапты және төрт адам жарақат алды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Оқиға 16 қаңтарда таңғы уақытта Қаскелең тас жолының 19-шақырымында болды.

Mercedes маркалы автобус батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы жолға шығып кетеді де, Volkswagen автокөлігімен соғысады. Оның әсерінен автобус айналып барып, шығысқа бағытта кетіп бара жатқан Mercedes 124 және Mitsubishi Galant автокөліктерімен түйісіп қалды. Қаза тапқан адам мен жарақат алған төртеудің дәл қай көлікте болғаны жайлы мәлімет әзірше жоқ.

 

20 қаңтарда Алматы облысында болған жол-көлік оқиғасынан Altyn Group Kazakhstan компаниясының иелесі Бауыржан Асаубаев қаза тапқан еді. Алдын ала мәліметке қарағанда, LX-570 жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы бағыттағы жол айрығына шығып кетеді де кран жүк көлігімен соғысқан. Нәтижесінде жолаушы орындығында келе жатқан Асаубаев қаза тапты. Ал жүргізуші Руслан Мұсақұлов ауруханаға жеткізілді. 

Айта кетейік, жаңажылдық мерекелердің кезеңінде Алматы облысында болған жол апаттарынан 12 адам қаза болды. Бұл - Қазақстанда тіркелген ең көп өлім көрсеткіші. Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша Алматы тізімнің бірінші қатарында тұр - қалада бұл уақытта 55 оқиға болды. Ал ең қауіпсіз өңір - Атырау облысы. Мұнда жаңажылдық мерекелер кезеңінде бір де бір жол апаты тіркелмеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети