Алматы облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көлік апатынан бес адам қаза тапты ©Vdtp.ru

Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты Алматы - Бішкек тас жолының 56-шақырымында болды. "Lexus" автокөлігі аударылды. Оқиға орнында джипті басқарған 47 жастағы әйел мен оның үш жолаушысы қайтыс болды. Тағы үш ер адам Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға жеткізілді. Кейін олардың бірі тілге келместен жан тапсырды. Қалған екеуі дәрігерлердің бақылауында", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, 26 сәуір күні Алматыда Lexus мінген қыз көлігімен жерасты өткеліне түсе жаздап, аударылған еді. Кроссовер Абай даңғылымен шығыс бағытқа қарай келе жатқан. Көлікте екі қыз болды, Достық даңғылының қиылысында жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.44  course down  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети