Алматы облысында көпірден секірмекші болған қызды құтқару сәті видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көпірден секірмекші болған қызды құтқару сәті видеоға түсірілді

Алматы облысында көпірден секірмекші болған қызды құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны үш жасөспірім түсіріп алған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында көпірден секірмекші болған қызды құтқару сәті видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны үш жасөспірім түсіріп алған. 

Ролик авторларының айтуынша, оқиға 18 наурызда Алматы маңындағы Талғарда болған. Жасөспірімдер көпірден өтіп бара жатқанда, көпірдің шетінен бір қызды көріп қалғанын айтып берді. "Ол телефон арқылы сөйлесіп жатып, жалып жіберді. Жасы шамамен 20-25-терде. Көпірден өткенімізде қыз көпір ортасындағы құбырға шығып алыпты. Біз дереу көмекке шақырып, полицияға хабарластық. Бастапқыда мен өзім оған көмектесуге барғым келді, бірақ ол жақ тайғанақ болды, сондықтан жолдан өтіп бара жатқан ер адамды шақырдық", - деді Даниель Королев.

Оның айтуынша, Максим есімді ер адам ойланбастан көпірге барып, қызға жақындаған. Ол қыз секіріп бара жатқанда ұстап үлгерген. Бұл уақытта полицейлер де келген. Олардың айтуынша, қыз бұған дейін де өлмекші болған.  

"Қыздың айтуынша, жанұясында қайғылы оқиға болыпты. Ол қасарысып, көлікке отырғысы келмеді. Бірақ біз оны әрең дегенде отырғызып, кетіп қалдық. Полицейлер бізді де алып кеткісі келген, бірақ біз қарсы болдық. Ал Максим болса солармен бірге кетті. Таяуда мен оны қаладан көріп қалдым, ол маған ерлік көрсеткені үшін марапатталғанын айтты", - деді жасөспірім.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети