Алматы облысында өрттен кейін үй иесі мен екі ұлының мәйіті табылды

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында өрттен кейін үй иесі мен екі ұлының мәйіті табылды

16 қараша, сенбі күні сағат 00.48-де өртке қарсы қызмет пультіне Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылындағы "Труженик" саяжайында екі қабатты жеке тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Өртсөндірушілер келгенде үй толық дерлік отқа оранған. Тілсіз жау 02.15-те ауыздықталып, 02.36-да сөндірілді. Өрт ауданы - 240 шаршы метр. 

Кейін үйінді астынан үш жартылай жанып кеткен мәйіт табылды. Олар: 1985 жылғы үй иесі және оның 2008 және 2014 жылы туған екі ұлы.

Төтенше жағдай себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және үш техникасы жұмылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети