Алматы облысында полицейлердің қатысуымен болған жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында полицейлер мінген көлік апатқа ұшырап, 3 адамның өмірі қиылды. Қызметтік көлік Талғар қаласында басқа жеңіл машинамен бетпе-бет соғылған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Жол апаты Жеңіс мерекесі қарсаңында болыпты. Бірақ болған оқиға тек төрт күннен соң ғана жария болып отыр. Оның үстіне ережені патруль көлігі бұзғанын көрдік дегендер бар. "ППС-тың машинасы дабыл белгісін қоспай, қарсы бетке шықты да соғып кетті, ағасы! Біз осы жерде тұрдық!", - деді олар. Ал Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Дарын Арыстанбековтың айтуынша, куәгерлер жалған мәлімет берген. "Куәгерлер болған оқиға туралы анықтама беріп жатқанда удай мас болған. Және болған оқиғаны өз көзімен көрмеген. Жол апаты туралы сол арадағы кісілерден естіп білген. Бұл жайлы жалған куәгерлердің өздері біздерге айтып мойындады", - деді Арыстанбеков.

Бұл видеода көліктердің соғысқан сәті көрсетілген.

Бұл видеода куәгерлер делінген ер адамдар жол-көлік оқиғасының қалай болғанын айтып жатыр.

Арнайы көлікпен соғысқан жеңіл машинадағы үш адам да қаза тапты. Олардың бірі - учаскелік инспектор. Мереке алдында көшелерді тексеруге шыққан полицейлер де үш адам болған. Куәгерлердің айтуынша, тәртіп сақшылары қарсы беттегі жолға шығып, "Аудиді" оңбай қағыпты. Бірақ, төрт тәуліктен кейін куәгерлер сөздерінен тайқып шыға келген. Ащы судан аздап сілтеген жігіттер енді полицейлер кінәлі болмаған дегенді алға тартуда. Ал қаза тапқан полицей Жандос Берікұлы небәрі 24 жаста болған. Учаскелік инспектор қызметіне жаңадан кіріскен беті екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети