Алматы облысында Қытайдың заңсыз жүрген 33 азаматы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында Қытайдың заңсыз жүрген 33 азаматы ұсталды Фото knb.kz сайтынан алынды

Алматы облысында жүргізілген рейд кезінде Қытайдың заңсыз жүрген 33 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында жүргізілген рейд кезінде Қытайдың заңсыз жүрген 33 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Қытай азаматтары Шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасының "Шарын" ауылында орналасқан "GPP- Қазақстан" газ құбырлары фирмасында заңсыз жұмыс істеген. Тексеру барысында олардың қолында Қазақстан Республикасына келуге рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.

"Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, 2014 жылы қарашада Tengrinews.kz Қазақстан шекарашыларының заң бұзған 270-тен астам адамды ұстағанын хабарлаған болатын, олардың жетеуі - Қытай азаматы. Сонымен қатар Атырау облысында 2014 жылдың жазында Қытайдың 10 азаматы ұсталып, екі күнге қамалды. Олардың да қолында Қазақстан Республикасында жүруге рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети