Алматы облысында сәби 7-ші қабаттың терезесінен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында сәби 7-ші қабаттың терезесінен құлап кетті © Крыша

Алматы облысының Қарасай ауданында көпқабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен сәби құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының Қарасай ауданында көпқабатты үйдің жетінші қабатының терезесінен сәби құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

7 қаңтарда "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде болған оқиға туралы Facebook желісінде Dudar Tazsha есімді қолданушы жазған. Ол өзінің жазбасында төтенше жағдайдың куәсі болған адамның сөзін жазған: "Менің көз алдымда біздің үйдің жетінші қабатынан бала құлап кетіп, тура менің алдыма түсті. Тура асфальтқа құлапды. Не істерімді білмей қалдым. Айғайлап, жедел жәрдем шақырдым. Мұндай жағдайда жасанды дем беру керектігін білмедім. Мұрнынан қан кетті, көзін ашты, күшкене қозғалды да үнсіз қалды. Мен осы кезде бірден жетінші қабатқа жүгіріп барып, кімнің баласы екенін сұрай бастадым. Есікті бір әйел ашып, баласының әлі кішкентай екенін және ас бөлмесінде ойнап отырғанын айтты. Ол ас бөлмесіне барғанда терезе ашық, баласы жоқ болды. Есі шығып, айғайлай бастады, оның қолдары дірілдей бастады. Бірге төмен түстік. Оны ұстап тұрды. Жедел жәрдем келіп, ештеңе істей алмады. Ол қайтыс болды. Мен әлі де жылап отырмын".

Осы деректі Алматы облысының ІІД растап берді. Нақтыланған мәлімет бойынша, қайтыс болған бала 2015 жылы туылған. Құқық қорғау органдары тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети